29.05.2022
111
Кім сүймейді қозыдай қоңыр күзді...
Кім сүймейді қозыдай қөңыр күзді,
Баулыды ғой жеңге боп өмір бізді!
Қимай жүріп жазбенен қоштасқанда
Аққу жүрек алысқа жеңіл жүзді!
Кешікпей-ақ жаңбырлап, желдетеді,
Қайтқан құстар жеріне кем жетеді.
Ал әзірге қоңыр күз маңдайынан
Сипай қойшы, Бекен-ау, нең кетеді!