29.05.2022
  95


Автор: Бекен Әбдіразақов

Артылғасын қалмайын ақылды аяп...

Артылғасын қалмайын ақылды аяп:
Кейде алтынның құны да бақырдай-ақ!
Мен көретін заманда байлыққа өзі
Бақыт жаяу келеді шақырмай-ақ!
Сатып алған ол да бір салдақыңдай,
Құлдық ұрар жалдама солдатыңдай!
Дүниенің сен үшін есігі ашық,
Құдай өзі қол қойған мандатындай.
Бұдан артық қалайша сипаттайсың,
Шындық қарап тұр ғой, сәл қипақтайсың.
Алтын санап жүргенің бақыр шықса,
Көзің көріп отыр ғой, үй таппайсың!





Пікір жазу