29.05.2022
  118


Автор: Бекен Әбдіразақов

Несіне назаланам болған іске....

Несіне назаланам болған іске,
Бұл өзі қасірет қой толған ішке!
Қылығы айуаннан өрі итке
Кісіні өлтіру не, қорғаныс не?!
Мен босқа тағдырыма назаланам,
Өмірлік қатем үшін жазаланам!
Жанымда үйелеген қоқыстардан
Туғандай қайта өмірге тазаланам!
Байқаймын, жүрегімнің тынысы да
Пейілді-ақ адамдардай жұмысына!
Быт-шыты шыққандай ма басымдағы
Құрсаулы қорқыныштың шынысы да.
Қиядан Ай күлгендей әлемімде,
Жер-жаћан түзегендей сәлемін де!
Несіне мазаланам, біраз уақыт
Тағдырдың көріп қайттым әлегін де!





Пікір жазу