29.05.2022
137
Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас...
Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас,
Жымысқыдан мәңгілік жолы да озбас!
Барын сарқып, жоғына жұтынбастан,
Білдірмейді бөрідей құты қашқан!
Тойған қозы – жүрсе де тойынбастан,
Кедейлікпен тос қағып қойындасқан!
Қу кербездік бойы мен ойын басқан,
Бітіспес жау тағдырмен сойылдасқан!
Ширатады мұртын да мырзасынып,
Қиялдайды бұлдырсыз қырға шығып.
Шырт түкіріп бәріне тұрса-дағы,
Қинар жанын өмірдің бір сабағы!
Таппайды емес, біледі шешімін де,
Күллі пәле – қу көкірек кесірінде!
Сығалаған жоқшылық есігінде
Сұрайтындай қорқады өсімін де!
Қайтсін, пақыр, тон киіп, атын мінген,
Жан емес пе көңілдің затын білген.
Мұндайларды көлеңке қуалаған,
Бұ заманда бала аяп, қатын күлген!