29.05.2022
  98


Автор: Бекен Әбдіразақов

Кешкі нұрға көз салып бұлттағы...

Кешкі нұрға көз салып бұлттағы,
Жорамалдау – ежелгі ел ғұрыптары.
Күн түгілі, жұлдыз да жыпырлаған
Көрінбейді – тіршілік құлыптағы.
Мен қайтейін безінбей баршасынан,
Түн де өтеді сипатпай жар шашынан..
Аққу ұшып, көңілге ән қайта оралар,
Мен қорқамын үміттің шаршасынан.





Пікір жазу