29.05.2022
117
Қайғы, қандай түнменен мінездес ең...
Қайғы, қандай түнменен мінездес ең,
Сіңіп, ұшып кетесің лезде сен!
Сығырайған шамың да өршелене,
Түн жапқан соң төгеді нұр өзгеше.
Тар бөлмеге тығылып жаратылыс,
Жаңғырады тапқандай жаңа тыныс.
Түнгі ұйқысы ұйытып, демалған ба,–
Дала тыныш, тыңдашы, қала тыныш.
Қайғы, сен-ау жауынды қара бұлтым,
Дүрліктірген желдетіп дала жұртын.
Қаңбаққа ұсап ұшқанда домаланып,
Қашыратын әп-сәтте қала сұрқын.
Қайғы, кейде үміттей үрейлісің,
Қан қақсатар талайды дүлей күшің.
Көшкен бұлттай жөңкіліп өткеннен соң,
Сен де ажарлы әлемді тілеймісің?
Қайғысыздың сақтасын қайғысынан,
Армансыздың туған ол байғұсынан.
Кейде тәтті қайғының ләззатын мен
Көкірегім жарыла Айға ұсынам...