29.05.2022
  92


Автор: Бекен Әбдіразақов

Күйініштің топандай қара суы

Күйініштің топандай қара суы
Қаптады да, ышқынды жан ашуы.
Бәйгелерден сњйінші сњратпады,
Жүйрік көңіл кем болып таң асуы.
Бағыменен сорының таласуын
Тежей алмай, жиілетті адасуын.
Ақыл тұлдыр аралдай суда қалып,
Бұрқылдатты жүрекке бар ашуын.
От басында бөле ішпей қара суын,
Жаны аңсады жосықсыз қала шуын.
Жүлдызындай бетке ұстап адасуын,
Даңғыратты даңғаза данасуын!
Еркеліктен әсер боп, ел безінді,
Ем қонбайды қаптаса шел көзіңді...





Пікір жазу