29.05.2022
  107


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қараша үйден құйын кетпей жүргені...

Қараша үйден құйын кетпей жүргені–
Шайқалтпақшы о баста бос іргені.
Маңайыңа құлақ түрме, естілсе
Қорадағы күшігіңнің үргені.
Ауыл-елге әйгіленсе қаншығың,
Онда біттің, малың түгіл, ар шығын!
«Әй» дер әже, «қой» дер қожа болмаса,
Қатал тағдыр шын қадаған бар сұғын!
Қараша үйден құйын кетпей жүргені –
Уығының осалдығын білгені.
Мен көнем ғой, зілден жаман батары–
Жау табалап, достың аяп күлгені.





Пікір жазу