29.05.2022
  137


Автор: Бекен Әбдіразақов

Желбуаздай жүйткиді жаман атың...

Желбуаздай жүйткиді жаман атың,
Жер-көктегі жексұрын жамалатын.
Адам деген атың да әдіре қап,
Күлге ұшады әздекті аманатың.
Жер тепкілеп, байбайла жата қалып,
Ақталмайсың қойғасын атақ алып!
Көрінгенге сүмеңдеп жағдай айтсаң,
Өрттей қаулап өршиді шата жанып.
Жатқан – тыныш, қотырды өзің қасып,
Жан-жағыңа абаймен көзіңді ашып.
Жаман атың бір күні жамалдатып,
Өзі-ақ қаңғып кетеді көзін басып.





Пікір жазу