29.05.2022
  135


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жақсы ит өлімтігін жасырғанда...

Жақсы ит өлімтігін жасырғанда,
Мінезбен абыройын асырғанда,
Тірідей көз түрткі боп жүргенімше,
Ит құрлы болмаймын ба басым барда!
Барар жер, пана тауым таусылған жоқ,
Құшағын достар теріс қаусырған жоқ.
Қазақтың жыр сүйетін жұрты барда
Әлі де үміт етер даусымнан көп.
Тентіреп кетсем итше басым ауып,
Өтермін мөлт-мөлт тамып жасым ауық!
Жөргегім жуылмаған өзенменен
Жемісін жемеген тау тасы қауіп!
Қайтейін, аяқты бір шалыс бастым,
Аттадым босағасын таныспастың.
Жауымның жанарына күлкі ойнатып,
Жақынмен жүз шайыспай, алыс қаштым.
Бетіме мәңгі шіркеу шырғалаңым,
Мұңымнан жүрекгегі жыр қаладым.
Мен Бекен бесеу емес, бірғанамын,
Соны ойлап, үрейлене ырғаламын.
Қалайша жаңа өмірден құр қаламын,
Қалайша тілсіз жатар жыр қаламым!
Жаңа өмір жүзіне мен мың қарадым,
Нұрынан, екпінінен күн жанады,
Тапталған әділет, намыс гүл жарады!





Пікір жазу