29.05.2022
152
Жүр екенсіз қай жерде, Қуан-аға?!
Жүр екенсіз қай жерде, Қуан-аға?!
Сізді еске алсам көңіл де жұбана ма?!
Әбекеңнің жалғызы жырақтағы
Ұқсар қазір дауасыз дуанаға!
Қуан-аға, жүрегің ұға ала ма?
Бұ жатысты білмеймін құп ала ма?
«Әй, қайдам!» деп бас шайқар, «әй, қайдам-ау»,
Бір жылылық қалса екен жұғанаға!
«Басқа түссе – баспақшы» емес, тегі,
Кетпейді екен ду өмір елестері!
Тым болмаса, түсіңде барып жүр ме
Әбекеңнің жалғызы кеңескелі?!
«Әй, қайдам-ау», «Әй, қайдам» – арман бәрі,
Көп екен-ау дүние жалғандары!
Құшағына алады енді қашан
Серіліктің дулыған сайран бағы?!