29.05.2022
  117


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қонақтады қарақұс қабағыма...

Қонақтады қарақұс қабағыма,
Жұмыртқалап сұр жылан тамағыма.
Көз алдымда – дүние абағы да,
Көмейімде – қаћар сөз ала-құла.
Жақсылықты жүректе буындырып,
Көміп қойды, уыммен жуындырып.
Жан сарайдың есігін тарс жаптым мен,
Қарақұсы тарбиған туымды іліп.
Құй кінәла, жамағат, кінәлама,
Сәл ойланшы, неге айтты мына бала?!
Таза едім ғой, неге тар бүгін маған
Мынау аспан, мына тау, мына дала?..





Пікір жазу