29.05.2022
156
Шымырлатып күн сайын, ұлғайды арман...
Шымырлатып күн сайын, ұлғайды арман,
Сан құбылып, орамал бұлғайды алдан.
Кешегінді көзіңе бір уыс қып,
Әкеп тұрған, құдай-ау, бұ қай жалған?
Ойларымды тықсырып, тарылды үміт,
Дегендей ме дүниеде барынды ұмыт!
Шырындатқан жер шарын дауылдай-ақ
Жатқызбайды мың арман жанымда ұлып!
Кешегімді көксеймін жаным күліп,
Тағдырды да жолынан жаңылдырып.
Ашылардай жан білмес бағым күліп,
Сағындырып, өлтіре сағындырып!