29.05.2022
153
Қалжырадым, қажыдым бостан бүгін...
Қалжырадым, қажыдым бостан бүгін,
Аңсай-аңсай басымның бостандығын.
Сыртта торғай сайрайды май таңында,
Күйігімді мен соған айтамын ба?
Арманымды көтеріп қайтарында,
Жұмыртқасын кешкісін шайқарында,
Баласының тілесін бостандығын!
Басым қатты байызсыз бостан бүгін.