29.05.2022
  103


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жосықсыз ғұмырыма

Жосықсыз ғұмырыма
Налимын, наразымын.
Жұтқаным жұмырыма
Болды ғой бар азығым.
Дүние парқын білмей,
Шараппен шөлім қанды.
Дәуренім жарқын күндей
Сан мәрте сөніп, жанды.
Көкірек көбіктеніп,
Ақынға көнбеді де,
Қан-сөлін төгіп-төгіп,
Нәр таппай шөлдеріне,
Жымиды өлгеніңде...





Пікір жазу