29.05.2022
  154


Автор: Бекен Әбдіразақов

Өлімге мені қимайсың, жақсы білемін...

Өлімге мені қимайсың, жақсы білемін,
Сезеді айқын, шымырлап кәрі жүрегім.
Тәңірім тыңдап, тояттап, тойса тілегім,
Жүз жасқа шейін жайраңдап жасап жүремін.
Қайтейін, жаным, қасқайған қатал өмірде
Қуанышпенен келеді қатар өлім де.
Армансыз кетем деген ой ғана көңілде,
Мен шейіт болсам, өтінем, қалқам, егілме!





Пікір жазу