29.05.2022
  104


Автор: Бекен Әбдіразақов

Бұлаң қағып өткенде әдемі қыз...

Бұлаң қағып өткенде әдемі қыз,
От тигендей лап етіп әлеміміз,
Жүрегіміз бұлқынып, неменеге
Шығады екен, япырм-ай, әлегіміз?!
Әлде жігіт дәуреннің ұшқындары
Бір бұрқ етіп, қандарда ышқынғаны?
Әлде көңіл қартаймас сұлулықты
Бір құшуға ұмтылып, күш қылғаны?
Не десек те, жүк болар көп есекке
Әйелдердің қылығы деп есепте.
Көз жұмылмай құмармыз көріктіге,
Аузымыз қан жесек те, жемесек те.





Пікір жазу