29.05.2022
  115


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жазғаным жалғыз өлең күндіккелі...

Жазғаным жалғыз өлең күндіккелі,
Жанымның бар-ау, сірә, бір бүккені.
Бауырын жаза алмастан шабан шабыт,
Жүректің байқалмады дњрліккені.
Дүние бейқамдығы маужыраған,
Ұйқыдай жылжып үнсіз ауды маған.
Әйтеуір, өрі-сөрі өптөп тірлік,
Көңіл де шалға ұқсайды саудыраған.
Бүйткенше жібер, өмір, жауды маған!





Пікір жазу