29.05.2022
  114


Автор: Бекен Әбдіразақов

Кім шыдайды тағдырдың тепкініне...

Кім шыдайды тағдырдың тепкініне,
Дос-жарандар қараса тек мініңе?!
Жаутаңдайсың жасқана алдыңдағы
Сыры жұмбақ күткен сен көп күніңе.
Салмасыншы басына ер жігіттің,
Мен де талай өмірде белді бүктім.
Енді елуге келгенде есім жиып,
Тағдырыммен тұрысар жерді күттім.
Қашанғы мен, достар-ау, бүгілмекпін,
Кеми-кеми бермей ме бүгінгі екпін?!
Тіреп тұрған аспанын тастаса да,
Өз арымның алдында жњгінбекпін.





Пікір жазу