29.05.2022
  111


Автор: Бекен Әбдіразақов

Бақытымды болмашы күндеп тұрып...

Бақытымды болмашы күндеп тұрып,
Сен сөйлейсің достықты міндет қылып.
Күйінесің оңаша ішің жанып,
Қайдан жұқты, япыр-ау, індет қылық?
Пиғылыңның зымиян бұлыңдары,
Бірте-бірте батырған жылымдары.
Жан даусыңды шығартқан құлындағы,
Тағдырыңның тоқпағы-ау мњның бәрі!
Олай болса, өлмесең, өмірем қап,
Сендейлермен қалайша өмір оңбақ?!





Пікір жазу