29.05.2022
  128


Автор: Бекен Әбдіразақов

Адамның алтын ғасыры

Адамның алтын ғасыры
Алдында емес, артында.
Ұзаған жылдар, асылы,
Қалады қымбат қалпында.
Күткен күн саған беймәлім,
Күдікті де өзі, үмітті.
Өткеннің ғажап сырларын
Кім, кәне, айтшы, ұмытты?!
Ұмыту қайда! Тамсанып,
Мөлтілдеп мойыл жанары,
Алыстай түссе қаншалық,
Сағынып әнге салады.
Дүниеге келер ұлыңдай
Алдағы күнің – алданыш.
Жан тербер жырау жырыңдай,
Қайтесің, арман қалды алыс.
Адамның алтын ғасыры
Қайда екен, досым, шынында?
Мен білсем бар ғой, асылы,
Сол шіркін жұмбақ сырында!





Пікір жазу