29.05.2022
  109


Автор: Бекен Әбдіразақов

Кейбір кеште тұңғиыққа батамын...

Кейбір кеште тұңғиыққа батамын,
Малти алмай, мысым құрып жатамын.
Сыртта жау бар көз алартқан алыстан,
Бір сүргінге ұшырар ма Отаным?!
Мен алаңсыз адамдарға қапамын,
Сезінбейтін шаруаның шатағын.
Тамағы тоқ, көйлегі көк, мансап бар,
Қызықтайды болар-болмас атағын.
Жантайып ап кешкісін бір кекіріп,
Теледидар алдына кеп бекініп,
Іздер дерсің тамашаны жер-көктен,
Таба алмаса, бұрап тастар жекіріп.
Ей, бейқам жан, тірі өлік!
Саған дүние тұрмаса да тіреліп,
Жан-жағыңа көзің салшы бір ауық,
Көкке қара, бара жатыр күн ауып!





Пікір жазу