29.05.2022
  89


Автор: Бекен Әбдіразақов

Тауда ерте ата ма таң дегенің...

Тауда ерте ата ма таң дегенің,
Көңілім жүйрік жүйтки ме әлде менің?
Құланиек қиырдан қылаң берді-ақ,
Жапты аспанды күмістей шаң дегенің!
Бір заматта жанартау лавасындай
Жалын селі қаптады қара судай.
Сіңіп кетті аспанға қас пен көзде
Күн шыққан соң арудың танасындай.
Тыныс кеңіп, тіршілік мөлдіреді,
Өмір шіркін не деген өндір еді?
Хас сұлулық қашан да аласұрған
Жүректі де құрықсыз көндіреді.





Пікір жазу