meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  29.05.2022
  151


Автор: Бекен Әбдіразақов

Туған жер

Тауыңа қарап таңданып,
Далаңа жайып құшақты,
Өз балаң текке паңданып,
Жолаушы кісі құсапты.
Туған жер, кешір, білмедім,
Сұлу тау, шалқар далаңда
Жанымның жортып жүргенін
Туыс боп әрбір адамға.





Пікір жазу