29.05.2022
134
Оңтүстігім!
Оңтүстігім!
Әнім үшін, өзімнің бағым үшін,
Жүрегімде жанып тұр сағынышым.
Мауқым әлі басылып көрген емес,
Төркіндеген қызға ұсап аға-інісін.
Талай шалқып төрінде, шат көсілдім,
Жұпарына елітіп ақ төсіңнің.
Сағынышты көктемгі сарғалдақтай
Кеудемдегі сыңсыған бақта есірдім.
Демім барда сол бақты өсірем мен,
Ақ сүтіңді, өйтпесе, несіне емгем?!
Мен жоқ болсам,
Туған жер,
Үзіп алмай
Иіске еппен
бір гүлді төсіңе өнген.