29.05.2022
  145


Автор: Бекен Әбдіразақов

Ұлы тірлік мамасынан құт саулап...

Ұлы тірлік мамасынан құт саулап,
Жер арқасы құлпырғанда,
Көк астында нұр түнғанда,
Арысымның жазығына шықшы аулақ!
Дала назбен майысады жан бітіп,
Тап-таза әлем шомылғандай,
Жарқыраған көңіл қандай,
Елендейсің, жүрек сазы ән күтіп.
Жұпар шашып жусан менен күректен,
Сұлулықтың бар сымбатын
Жайып салған жарқылдатып,
Бір-ақ айлық өмірі бар, беу, көктем!
Бір-ақ айлық өмірі бар, беу, көктем,
Өз буыңа өзің пісіп,
Өз көзіңе өзің түсіп,
Бір-ақ айда ұшасың-ау жер-көктен!
Ажарыңа тоя алмастан ғашық күн
Әлде жұтып қояды ма,
Қосайын деп бояуына,
Арысымнан неге сонша асықтың, беу, көктем!





Пікір жазу