29.05.2022
  88


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қауын басындағы түн

Ақ сары Ай жүзі де құмарлықтан
Алқына дірілдеген мұнар тұтқан.
Үлпілдек үркек самал лебі ме екен,
Еліткен ес тандыра сені, Бекен!
Ашылып жұпар иістен ішкі сарай,
Жаңғырып күмбір қақты, түсті де арай.
Мөп-мөлдір нұрлы дүние тербетеді,
Тигізбей табанынды жерге тегі.
Пай-пай-пай, жаңа жеген нан күлшемен,
Ғұмырда дәмді ас бар ма дәмшілшеден!
Мақтанса Орынбектер мақтанғандай,
Бір өмір ақ күміске қақталғандай.
Түні осы Шәуілдірдің сылқым, түнық,
Аңсайтын Алматыңа құлқын қурып.





Пікір жазу