29.05.2022
  106


Автор: Бекен Әбдіразақов

Тілек

Айналшы маған, аума бұлт,
Шомылдыр күміс нұрыңа.
Жойқын да жойқын жау да, бұлт,
Жасыл нұр жандыр қырыма.
Айналмай тұрсың, аума бұлт,
Есіл де-дертің шың болып.
Керегің жоқ қой тауға, бұлт,
Қайтарсың өлі-ақ жым болып.
Таулардың қойны мың бұлақ,
Шыңында қар мен көк мұзы.
Ән салған күн-түн сыңғырап
Бақшалар оның көп қызы.
Сандала бермей, аума бұлт,
Арысым жерін тұрақта.
Жойқын да жойқын жау да, бұлт,
Жандыршы жасыл шырақты.





Пікір жазу