29.05.2022
118
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-30-00-49-58.png)
Арыста қалған арман бар
Етек жауып, ес білгелі
Талай көктем көшті ілгері.
Сәби күлкім естілмеді,
Бірақ көңіл ескірмеді.
Айналама қараймын да,
Жүрек жара шаттанамын.
«Бала мінез қалай мұнда
Қалмаған» дер жақпаған кім.
Қайтем, мейлі көки берсін
Бесігіңде қартайғандар.
Шалқуыма еті үйренсін,
Менен артық «қай пайғамбар?»
Уыз сүтпен қанға сіңген
Еркіндіктің өр мінезін
Жүрек басқан таңбасымен
Жырыма да бердім өзім.
Арысымда қаймағымен
Қалып қойған көп арманым.
Әлдиледі-ау майда әнімен
Сағыныштың көк орманын!