29.05.2022
  112


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Айхай, дәурен

Күлкісін айт қыздардың сыңғырлаған,
Жүректегі зілмауыр мұңды ұрлаған.
Сезіміңді аққудай әуелетіп,
Сайрағандай болады бұлбұл-ғалам.
Әр қимылы сөйлейді жыр тілінде,
Сыр бар керім сабаудай кірпігінде.
Серпілтетін жабырқау көңіліңді,
Бір құдірет жатыр-ау шіркін үнде.
Көріп тұрып табиғи мүсіндерін,
Сұлулықтың негізін түсінгемін.
Жігіттер-ай, бақытты екенбіз ғой,
Махаббаттың ғаламат күшіндемін!





Пікір жазу