29.05.2022
137
Үлбірек
Сал дәуренім – саналы күн,
Қалды-ау менің балалығым жырақта...
Сар даланың кешкі лебі –
Арман әнім естіледі құлаққа.
Он бүгілді қан құбыла,
Соңғы нұрды сандығына сыйдырып.
Тылсым үнді еркелетем,
Кім сырымды шертеді екен күй қылып?..
Сиқыр-ғашық “дүмбілезбін,”
Ұйқым қашып, түнді кездім бұрын да.
Ойыма алмай жат әлегін,
Тойынардай – батар едім шырынға.
Жөргекте өлең іңгәлайды,
Шөлдеп келем, мұңға қайғы қосылып...
Қай кезде мен демемеппін,
Айгезбеден неге кеттің шошынып?
Жаралғансың жүрегім боп,
Халалдан шын тіледім көп мәнді өмір.
...Үр қызым ең – қоңыр құмар,
Жұлдызымен шомылдырар таң-көңіл...