29.05.2022
  123


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Аңсар

Құстар қайтып барады...
Күз де бейне
Қанатыңды ізде дей ме?
Мынау сұрқай қаладан мезі болдым,
Безіп кетем шыдамай түзге кейде.
Тастан ғапыл –
Армандайды аспанды ақын.
Періштенің күтемін бір хабарын,
Айналаны сұп-суық басқанда түн.
Тұсаулай мың –
Жүрегімді қысар қайғым.
Арасында қалдым-ау қарғалардың,
Керуенге қосылып ұша алмаймын.
Кемді күнде
Мұң шағамын енді кімге?
Босап шығып тірліктің тарлығынан,
Самғасам ғой ғаламның кеңдігінде.
Құстар қайтып келгенше..





Пікір жазу