29.05.2022
124
Қадір түнгі шабыт
Күйін кештім кенеттен шын асықтың,
Әр уақытта бұйырмас мінәсіп бұл...
Күз болса да, көңілге Көктем келіп,
Ақ тілектер шоғыры гүл ашып тұр.
Тірімін ғой, қайтейін қабірді аңсап,
Сары алтынға жетерміз сабырлансақ.
Жұлдызданып маңдайым Сәуле шашар –
Пенделіктен бар адам арылған шақ!
Көзім шылап Нұрына Тәңірліктің,
Жаралғалы аспаннан әмір күттім.
Жүрегіме махаббат ұялатып,
Иманымды алдымен кәміл ғыппын.
Жарық-Жұпар атсын деп көңіл қошы,
Жаннан тәтті сүйдім ғой өмірді осы.
Қайда апара жатқанын білмейді екем –
Замананың заулаған қоңыр көші.
Қош дей алмай қаланың күзіне мен,
Көшкен бұлттың бір күні ізіне ерем...
...Әбілхаят суына шөлдедім-ау,
Келші, келші, тез келші, Қызыр-Өлең!