29.05.2022
  141


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Қазақ қағидаға қарсылық

Тілім, дінім, дәстүрім – бабам берген қолтаңба,
Ол болмаса санамды жем қылады шортан да...
Талай ұлыс айналған рухы тозып жыртысқа,
Айғақтайды тарихтың тағылымы бұл тұста.
Небір өркениетті қомағайлар құртыпты,
Залым біткен Тажалға тағзым етіп, пір тұтты.
Қарау ниет-қоғамға жараспаған «қасиет»,
Тек бүгіндік бастықтар билігіне бас иед.
Пайда қанша қарыннан атандай боп қампайған,
Пайда қанша араннан апандай боп аңқайған?!
Ортекедей ойқастап сумақ тілді саясат,
Келе жатыр семіріп партиялар май асап.
Күлтөкпеге төгілер қоқыс емес ар-иман,
Міндеттіміз қорғауға жерімізді далиған.
Сатылмайды дархан жер жан байлығы сияқты,
Неге ертерек масылар ойламайды миятты?
Желбуаз сөз көбейіп, баса алмай жүр аптығын,
Наргескен сөз азайды-тесіп шығар қап түбін.
...Қазағымның болмысын жүрегімде толғатып,
Жантәсілім болғаным – сертім үшін зор бақыт!





Пікір жазу