29.05.2022
  104


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Күйкентау басындағы ой

Семсердейін қаламымды қолға алам,
Өлең жазып толғанам...
Қасиетті болашақтың алдында
Бабалардың әруағын қорламан!
Бәлкім, біреу тоқсынар,
Білгішсініп топшылар...
Айтып-айтпай не керек,
Бұл ғаламда ешбір жер
Маңғыстаудай ойрандалған жоқ шығар.
Сондықтанда Қариялар кешегі,
Жеті жұрттан қалған екен деседі...
Көкмойнағы қарғымаса қамалдан,
Кем болыпты Ерлерімнің есебі...
Рукиндер салған кезде дүрбелең,
Майдан бар ма Досан батыр кірмеген?
Қалниязша тарқатамын шерімді,
Атасы арзан жел сөзді
Бұрқыратып тілменен.
Есіл елім талай ірет босыпты,
Алдарынан Тажал Көрі тосыпты.
Азаттықтың көк байрағын тіккелі
Пейілімді дос ұқты.
Тойдым әбден зар-мұңға...
О, Жасаған, сара жолға салдың ба?!
... Қасқыр туған Бабаларға бас ием
Ұрпағымның алдында!





Пікір жазу