29.05.2022
155
ЖАҢА ЖЫЛ
Жамылған ақ мамық ұлпа қар
Нұрлы да кең байтақ Отаным.
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар,
Сыйлығы көп Аяз Атаның.
Бəрiмiз бiр жасқа үлкейiп,
Бүгiнгi Жаңа жыл тойында,
Бiр жүрiп,
Қызыққа бiр келiп,
Билеймiз,
Ойнаймыз ойын да!
Жұлдыздар секiлдi нұрланған,
Елкалар шамдарын жағады.
Ақ боран қызықтан құр қалған
Долданып есiктi қағады.
Хош келдiң,
Қарсы алдық, Жаңа жыл,
Өзiңдi сағына, сағына!
Жасампаз жылдардың жаңа бiр
Күндерi басталды тағы да!