29.05.2022
148
ЕКI ҚОЛ
Ағайынды екеу екен:
Бiреуi оқымаған,
Бiреуi сауатты екен.
Сауатты елгезек те,
Көп iске жауапты екен.
Ататын асықты да,
Ұстайтын қасықты да,
Хаттарды жазатын да,
Есiктi ашатын да,
Өзi екен.
Сонда да ол бауырын
Жанындай ұнатады.
Дейдi: – Онсыз қалай ғана
Таң атып, күн батады.
Ағашты жара алам ба,
Шалғынды шаба алам ба,
Қайықты есер ме едiм,
Жалғыз ет кесер ме едiм?..