29.05.2022
237
КҮН НЕГЕ ҚЫСҚАРАДЫ?
«Жазда неге түн қысқа,
Керiсiнше күн ұзақ?
Қыста неге күн қысқа,
Керiсiнше түн ұзақ?..»
Сұрақ қойдың сен маған
Шым-шытырық осындай.
Жауап бердiм мен саған,
Сол заматта тосылмай.
Аяқ асты жауапты
Тапқаныма қуанып,
Бала көңiлi талапты
Қалсын дедiм жұбанып:
– Жақсы-ау, шiркiн, жаз айы,
Айналаңа зер салғын.
Қызған ойын базары,
Күн де жылы,
Жер – шалғын.
Келдi, мiне, каникул
«Ойнаңдар!» деп, – тым ұзақ».
Жаз жақсы емей,
Кəнiки –
Түн қысқарған,
Күн ұзақ.
Келетiн қар, мұз артып,
Қыс айы да ақылды.
Түндi əдейi ұзартып,
Күндi ерте батырды.
«Түк те шықпас ойыннан,
Оқыңдар, – деп, – сабақты».
Ызғар шашып бойынан,
Түйедi ол қабақты...
күн жаз Түн балабақшаға арналған тақпақ балаларға арналған тақпақ Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев