29.05.2022
134

АРҚАН БОЛАР ТЫРНАЛАР
Нiл бояулы көктем кеп,
Аспан мөлдiр көкпеңбек.
Желбiреткен самалын
Жер одан да өткен көк.
Шық моншағы үзiлiп,
Құлпырады қырқалар.
Келедi ұшып тiзiлiп,
Тырналар, көп тырналар.
«Тыраулайды» тырналар,
Таныс бiзге сол ырғақ.
Дауыстайды балалар:
«Арқан бол!» – деп,
қол бұлғап.
Естiгендей олар да,
Қанат қағып, жайланып.
Бейне арқан болар да,
Ауылды бiр айналып.
Қос қанаты – құшағы
Көктiң жүзiн аймалап.
Алыс жаққа ұшады,
«Айдын көлдер қайдалап».
Тырна Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ Арқан