29.05.2022
  159


Автор: Ескен Елубаев

ҚУАНДЫ ЕГIН

«Бидай қурап қалар ма екен,
Ыстық күнге күйген танап...»
Мен жүремiн жаным ашып,
Өзiм сусап жүргендей-ақ.
Жауын жауды бiр күндерде,
Сол жайымды бiлгендей-ақ.
Бiр жолғы осы тiлегiмдi
Құлағына iлгендей-ақ,
Мен қуандым,
Қуанды егiн,
Бұлт-анасы келгендей-ақ.
Базаршылап ұзақ жүрiп,
Жаңбыр əкеп бергендей-ақ.





Пікір жазу