29.05.2022
  238


Автор: Ескен Елубаев

ҰШҚЫШ

Төбеден
Шаншылып,
Бəрiңе
Əн салып бередi бозторғай.
Одан да
Жоғары
Əрiде,
Ұшады тырналар жезтаңдай.


Əрменде
Бұлттар тұр
Түнерiп,
Қабағы түксиген қап-қара.
Сол маңды
Мекендеп
Жүредi
Жаңбыр да, бұршақ та, ақ қар да.
Одан да
Жоғары
Биiкте,
Ақ шаңқан ұшағың ұшып жүр.
Iшiнде
Ұшқыш бар,
Бiлiктi,
Ол да бiр, самғаған құсың бiр.
Көгiлдiр
Кеңiстiк
Айнала,
Сүйедi ол қашан да биiктi.
Өмiрiн
Қатерге
Байлаған,
Ұшқышқа кең аспан сүйiктi.





Пікір жазу