29.05.2022
  186


Автор: Ескен Елубаев

ШАҢҒЫ ЖОЛ

Екi аяқта – шаңғымыз,
Сайрап жатыр жолымыз.
Мидай дала – алдымыз,
Шиырлаймыз оны бiз.
Тырнадай боп тiзiлiп,
Жазыққа енiп кетемiз.
Аппақ қарда қызынып,
Көршi ауылға жетемiз.
Бұрқ-бұрқ етiп буымыз,
Ыстықтаймыз жарыста.
Даурығысқан шуымыз,
Естiледi алысқа.
Құлай-құлай
Ақ қарға
Толып қойын, қалтамыз,
Күле-күле ақпанда,
Шаңғы теуiп қайтамыз.





Пікір жазу