29.05.2022
172
ҚЫСТА ҚҰСТАР ҚАДIРЛI
Жер ақ қарға оранды,
Күн аязды, боранды,
Жылы жақтан келген құс
Жылы жаққа оралды.
Мұрынымыз қызарып,
Құлақтарды үсiттi.
Қысқа түндер ұзарып,
Кидiк тон мен iшiктi.
Суық торғай – сұр торғай
Кетпей қалды басқадай.
Суықта да жүр торғай,
Туған жерiн тастамай.
Құстар бiзге ұнайды,
Туған жерде жүретiн.
Суығына шыдайтын,
Ыстығына күйетiн.
«Нағыз құстар солар», – деп,
Қадiрлеймiз аса бiз.
«Қарны ашып қалар», – деп,
Күн сайын жем шашамыз...
балабақшаға арналған тақпақ балаларға арналған тақпақ Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев қар құс қыс ҚАДIРЛI қадiр