29.05.2022
  296


Автор: Ескен Елубаев

БАТЫР

«Қорқақ екен өзге, – деп,
Осыдан да қаша ма?
Жаңбыр деген сөз бе», – деп,
Тығылмады ол тасаға.


Су-су қылып киiмiн,
Өте шықты нөсер де.
Мойнына су құйылып,
Бүрсеңдеп жүр көшеде.
Сол күнi бiз кешкiлiк,
Күлiп едiк «батыр!» деп.
Ертесiне естiдiк:
– Суық тиiп жатыр, – деп.





Пікір жазу