29.05.2022
  128


Автор: Ескен Елубаев

ОТЫРМЫН

Бар кiшкентай мысығым,
Көздерiнiң қысығын!


Жұмсағын-ай жүнiнiң,
Титтəйiн-ай тiсiнiң!
Қазiр менiң алдымда
Ұйықтап жатыр маужырап,
Келгендей-ақ əлгiнде
Тышқан қуып қалжырап.
Балалардың дауысы
Естiледi даладан.
Барар едiм, шiркiн-ай!
Ал, отырмын манадан.
Тəттi ұйқысын қия алмай,
– Мысығым сəл тынықсын, –
Отырмын мен тұра алмай,
– Бұзбайын, – деп, – тынышын





Пікір жазу