28.05.2022
  180


Автор: Нұрым Ғұмар

Жаныма сая қара түн



Осы кеш қатты ұқсайды мына маған,

Олда мендей еш жанға ұнамаған.

Найзағайша жарқ етер кейіпке еніп,

Үн- түнсіз жай ішімнен тына қалам.



Тұмшалап көше шамын тұман ала,

Қамығып тұрады ол түн арада.

Сол көшенің бойымен сыр шегемін,

Бойымнан қалса екен деп кінә ада.



Қай түнекке әкетер қатыгез түн,

Түбі әйтеуір жол табам қағылезбін.

Қыдырымпаз емес ем, бірақ қайта,

Тәтті ұйқыда жата алмай тағы бездім.



Келсеңші деп тұрғандай іңір маған,

Баяғыша қаз қалпы құбылмаған.

Іштегі мұң, түн ұзақ маза бермей,

Шүберектей жанымды сығымдаған.



Жүрекке алмасып кетпейді еттің бәрі,

Сырдың анық жүректе бек тұрғаны.

Айлы жарық сәулемен қайта оянып,

Тәтті ұйқыда жата алмай кеттім тағы.





Пікір жазу