28.05.2022
2973
Туған күніңмен 25 жас
Қанаттарың талмасын,
Биік самға аспандап.
Жиырма бес жас сыйласын,
Таусылмайтын аскан бақ.
Жүзіңнен күлкі кетпесін,
Таңың атып арайлы.
Әрбір күнің сәтті боп,
Күнің батсын шырайлы.
Денсаулығың мықты боп,
Жастан жасқа жете бер.
Сынақтардан жасқанбай,
Асулардан өте бер.