28.05.2022
  1338


Автор: Туған күнге тілек

Жиырма жасың

Жиырма жасың бүгінгі,
Құтты болсын қарағым.
Қуанышын сыйласын,
Басқан әрбір қадамың.

Орындалып арманың,
Жадырашы, жайнай түс.
Гүлді бақта құлпырып,
Бұлбұл құстай сайрай түс.

Аман болсын жақының,
Сені жақсы көретін.
Ақ тілегін арнап тек,
Бар жақсысын беретін.





Пікір жазу