28.05.2022
  105


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Толған айдың дұғасы

Бүгін, бүгін деседі,
Тамыздың он бесі еді...
Ай толды қара жерді нұрландырып,
Дәл қазір туатындай жыр мәңгілік.
Ойлайды күз туралы дірдектеумен –
Жапырақтар тәтті ұйқысын құрбан қылып.
Паң дүние тұр ғой маған сыртын беріп,
Жоғалып кетсем бе екен бұл түнге еніп?
Даланың ауасын да сағындым-ау,
Қаланың тірлігіне күлкім келіп...
Құстардың өлеңдетіп сазды әлемін,
Айтатын бір сырым бар жазға менің.
Жалғыздық деген досым жоқта кеше –
Қалқамның жүрегінде маздап едім.
Пенденің Алла алдында күнәсі нән,
Жанымды тазарта алмай құр ашынам.
Аспаннан құлайыншы жұлдыз құсап,
Масайып Айдың тылсым дұғасынан!..





Пікір жазу