28.05.2022
153
Мендік сынақ
Сүйген құлы мен едім – жаратты Аллам,
Нұрды ғана көремін тараптардан.
Рух-олламды нәпсіге патша қылдым –
Бет-жүзімді құбылаға қаратқаннан.
Сүйген құлы мен едім – зарлатты Аллам,
Алыс қондым шайтани жалдаптардан.
Сахар тұрып жаныма дауа таптым –
Жанарымнан ыстық шер парлатқаннан.
Сүйген құлы мен едім – қинады Аллам,
Адам азап шекпейді ширағаннан.
Тазарғанда айнадай жүрек кірден –
Жасым төктім көзіме сыймағаннан.
Сүйген құлы мен едім – сынады Аллам,
Басқа амал жоқ бұл жолда шыдағаннан.
Жалғыз Хаққа ғашықпын жаралғалы –
Өмірге кеп шыр-р етіп жылағаннан...